"Бақыттың жолы..." Пендеміз ғой, өзімізді бақытты ететін жолды іздейтұғын. Біресе тауды, біресе жерді қопарамыз. Күлкі жанымызды баураса "сірә осы бақыт"- деп өзімізде пайымдаймыз. Алайда бақыт басқа. Бақыттың жолы Исламда. Әлемде бірден-бір бақыт осы. Себебі шүлдірлеген күлкі емес, тұншымаған жүректің тыныштығы болмақ бақыт. Ал тыныштық тек Исламның ішінде ғана. Себебі: -Біреулер тілді жығып ғайбаттап отырғанда, Ислам ғайбаттың күнә екенін ұқтырып-тілмен Алланы зікір етуді үйретті. -Таң атқаннан күн батқанға дейін жұмыс істеп, кешке күннің қалай өткенін сезбей қалудан сақтады. Осылайша Ислам бес уақыт (үтір уәжіп) намазға жықтырып, әр күннің һикметін ұқтырды. -Дубай, Лондон емес, одан да керемет мекен Меккені киелі етті Ислам. Құранды жеткізген Нәбиіміздің Алланың игілігімен сәлемі болсын мекеніне баруды парыз еткенде Алла. Алланың құзырындағы дін-тек Ислам. -Мейрамханаға, клубка емес, артық ақшаны зекет етуге бұйырғанда Ислам. Бұл зекеттің һикметі өте терең. Өте жоғары. -Қомайғайлықты ту етпей, жан рахатын ұқтырған Ислам. Себебі ораза арқылы жанымыз жайқалып, бағымыздың нұры шуақтанады. Жүрек тыныштық табады. -Некесіз зина жасаудан тиғанда Ислам. Әрине бұл арқылы әрбір сәби некелі отбасында дүниеге келіп, рухани байиды. -Ислам түнде қызды(жігітті) ойлап жылап жатуды жөн көрмей, бізге оны һарам етті. Некесіз махаббатқа берілуден сақтап, түнде Раббымызға ғибадат етуді бұйырды. -Ислам ата-ананы, мүмінді сыйлауды бұйырды. Не деген һикметтер десеңізші? Не деген ізгілік жол десеңізщі? Міне сондықтанда Ислам БАҚЫТ жолы. Бақыттың жолы- СӨЗСІЗ ИСЛАМДА!

Теги других блогов: Ислам бақыт құран